Мекеме жаңалықтары
ҚУЫРШАҚТАР ҚАЗАҚША «СӨЙЛЕЙ БАСТАДЫ»
Бүгін облыстық қуыршақтар театры «Кукареку» атты ертегіні сахналады. Бұл аталған мекемеде мемлекеттік тілде көрсетіліп отырған тұңғыш қойылым.
Қуыршақтар театрында қазақ тілінде ертегі қою туралы алғаш бастама көтерген Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов болатын. Идея ұжым директоры Николай Михерскийден де қолдау тапты.
Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабаева қуыршақтардың қазақ тілінде ертегі қойып отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, жобаның болашақта жалғасын табуына тілектестік білдірді.
Балғын көрермендерді қуанышқа бөлеген қойылымға «тіл бітірген» театрымыздың әртістері Нұрлан Байшин мен Мөлдір Құбаш. Ертегі желісі төбет Шарик пен Қораз, жалқау мысық, айлакер түлкі арасында өрбиді. Кейіпкерлер достықты, адалдықты дәріптеп, жаманшылықпен күресу үндейді. Салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Оқиға барысында балалар белсенді араласып, қайырымды кейіпкерлерге жақтасып отырды. Бұл ертегінің оларды сендіре алғанын, көңілінен шыққанын көрсетсе керек.
Айта кету керек, «Кукареку» атты ертегінің авторы Г.Ландау. Оны қазақшаға тәржімалаған қуыршақтар театрының қызметкері Ботагөз Баймағанбетова. Қоюшы-режиссер Юлия Семенова.

- Мемлекеттік тілдегі шығармаларды сахналау біз үшін тиімді. Көрермендеріміз көбейеді. Дегенмен өз күшімізбен шығара алмасымыз белгілі. Себебі, тіл мәселесі кедергі. Сондықтан, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрымен байланыс орнаттық. Театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан ұсынысымызды қуана қабылдап, көмегін аяп қалмады. Әйтсе де, көңілімізде «қалай өтеді?» деп қобалжығанымыз рас. Бұған дейін 2013 жылы бір рет екі тілде қойғанымыз болмаса, тәжірибеміз жоқ. Тұсаукесерді балғындардың жылы қабылдағанына қарап, бірлескен жобамыз сәтті шықты деуге негіз бар, - дейді қуыршақ театрының шығармашылық ұжымы.