Мекеме жаңалықтары
«Театр көктемі» фестивалінде Қостанай облысы Е.Өмірзақов атындағы сыйлық тағайындады
. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сәуір айының 17-20 аралығында дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалі өткені белгілі. «Жастар жылы» аясында, Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдірді. 4 күнге созылған өнер додасында А.Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым», Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», Л.Толстойдың «Анна Каренина», Б.Беделханның «Ұлым, саған айтам...» атты қойылымдары көпшілік назарына ұсынылды. Бұлардың бәрі 2018 жылы сахналағанын айта кеткен жөн.
Кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін мықтылар жиналған фестивальде КСРО Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері – Асанәлі Әшімов, кинорежиссер, жазушы, ұстаз, Тәуелсіз «Платинді Тарлан» сыйлығының иегері, «Қыз жылаған», «Мұстафа Шоқай», «Аманат» т.б. көркем фильмдердің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Сатыбалды Нарымбетов, Т.Жүргенов атын ҚазҰӨА-ның «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Дариға Тұранқұлова, театртанушы, драматург, өнертану ғылымдарының кандидаты, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі – Еркін Жуасбек, белгілі журналист, «КазПетроДрилинг» компаниясының вице-президенті, «Мазмұндама» баспа үйінің төрағасы – Шыңғыс Мұқандар қазылық етті.
Сахна өнерінің қоғамға әсер-ықпалын арттыру мен дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, осы арқылы жас ұрпақты ізгілік идеяларына тәрбиелеуді көздеген өнер додасы Қазақстанның халық артистері – Елубай Өмірзақовтың туғанына 120 жыл, Қапан Бадыровтың туғанына 115 жыл, Кеңес одағының халық артисі Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл, ҚР еңбек сіңірген артистері Таңат Жайлыбековтың туғанына 90 жыл және Уайс Сұлтанғазиннің туғанына 70 жылдық мерейтойларына арналды. Театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларға арнайы көрме ұйымдастырылды.
Бұл жолғы фестиваль айтулы тұлғалардың рухына тағзым жасалуымен де ерекшеленді. Әуезов театрында өнерге еңбек сіңірген марқұмдарға арналып құран оқылды. Жасындай жарқ етіп жас ғұмырлары ерте үзілген талантты артистер Шалқар Үркімбаев пен Наз Жекенова атындағы арнайы сыйлық та тағайындалды. Бұл жүлделерге жас өнерпаздар Елжан Тұрыс, Ажарлым Бақытжанова ие болды.
«Қара шаңырақ – 2019» фестивалінің қорытындысы бойынша, көптеген театр жанашырлары мен артистер арнайы жүлделермен марапатталды. Осынау айтулы шарадан Қостанай облысы да қалыс қалған жоқ. Облыстық мәдениет басқармасы жерлесіміз, өнер саңлағы Елубай Өмірзақов атындағы сыйлық тағайындады. Құны 150 000 теңге тұратын жүлде Төлеубек Аралбайға бұйырды. Ол «Сүйікті менің ағатайым» қойылымында Серебряков Александр Владимирович рөлін сомдаған болатын.
Марапатты осы кешке құрметті қонақ болып қатысқан театрымыздың директоры Сабыралы Кемелбаев пен көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан көпшілік алдында табыс етті. Әуезов театры ұжымы фестивальге қолдау көрсеткен Қостанай облысы әкімдігіне, мəдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов мырзаға алғысын білдірді.