Мекеме жаңалықтары
«Тентек теке» таңғалдырды!
Жылдың әр мезгілінде мектеп, балабақшаларды аралап, балғындарға базарлық ұсыну Қостанай театрының бұлжымас дәстүрі. Бұл жолы әріптестеріміз Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектепке ат басын бұрды. Мұнда олар Е.Төлеубайдың «Тентек теке» ертегісін қойды.
Ертегінің өрбуі де өзгеше. Базарға шырша алуға барған Әжей орта жолда саудагерге жолығады. Алыпсатар кейуананы алдап-сулап, арамдыққа әбден үйренген Текесін өткізіп жібереді. Әжейдің үйіне келіп, әп-сәтте Шарик пен Мақта-мысықты өзіне дос еткен Теке, армансыз асыр салады. Үйді де шашады, бұйымды да сындырады. Соның бәрін Шарик, Мақта-мысықтың қолымен істеп, өзі тасада қалады. Ұрлық жасап, жымқырған дүниелерін саудагерге тасиды. Әжейді бұл жағдай қатты қамықтырады. Оспадар тентектігінің қателік екенін түсінген Теке, кешірім сұрап, түзу жолға түскен тәрбиелі тұлғаға айналады. Шарик, Мақта-мысық, Текенің достығы кеткен ағаттықты қайта қалпына келтірді.
Қызықты, шиеленесті оқиға балғын көрермендерді бірден баурады. Оқушылар әртістермен бірге ойынға белсене араласып отырды. Қойылымды тамалауға 1-6 сынып аралығындағы балғындар жиналғанын айта кеткен жөн. Оқиғаның сәтті аяқталғанына риза болған оқушылар, әртістермен бірге суретке түсіп, мәз-мәйрам болып тарасты.