Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

2019 жылы 10 қантарда, І.Омарова атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Қазақстан халқына арналған «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ - АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауын насихаттап, түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Кездесудің алғы сөзін театр директоры Сабыралы Байғазыұлы Кемельбаев алды. Ол, елбасының Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар директордың орынбасары Н.Кенжахметов баяндама оқыды. Ол өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің өркендеуінің алғы шарты. Әр жыл сайынғы Президент Жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Өйткені, Президент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Президенттің биылғы Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға арналып отыр.
Осы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттап, түсіндіру мақсатында өткізілген кездесуге театр қызметкерлері қатынасып, өз ойларын білдірді. Кездесу еркін форматта сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға жауап алу түрінде өтті.
Кездесудің соңында театр директоры С.Кемельбаев 2018 жылғы қорытындысы бойынша театр қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады.

Осынау ұлы жолдағы істеріміз сәтті, болашағымыз кемел де жарқын бола берсін!