Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

Қазақ театрында қайырымдылық шаралар өткізуде

Қазақ театрында қайырымдылық шаралар өткізуде

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуен» акциясын қолдай отырып, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясымен Аналар кеңесі бастамашылық жасаған «Қайырымдылық істер күніне» көпбалалы отбасыларына, "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы","Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының"Қостанай облыстық балалар үйі" және
"Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мекемелеріндегі балаларға қайырымдылық ретінде жаңа жылдық шыршасын өткізіп берді.
Театрға келген балалар «Шелкунчик»атты ертегісін тамашалаумен басталды. Қойылымды балалар аса қызығушылықпен көріп, кейіпкерлердің өздеріне дауыстай қосылып, ертегі әлеміне еніп кеткендей болды.
Қойылымнан соң, театр ішінде арнайы құрылған жаңа жылдық шыршаға жиналған балалар мультфильм кейіпкерлерімен қосылып ән айтып, би биледі. Сөйтіп, Ақша қар мен Аяз Атаны дауыстап, ортаға шақырып, шырша кешін көңілдендіре түсті және де Ақша қар мен Аяз Ата өздерімен бірге мерекелік сыйлықтар, кәмпит толы жаңажылдық дорбаларын ала келіпті.Аяз Ата мен Ақша қар балалармен бірге неше түрлі ойындар ойнап, ән салды. Балалардың шадыман шаттықтары үшін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры ұйымдастырған шараның шынымен де берері мол, маңызы зор болды. Мұны балақайлардың жүздерінен аңғаруға болады.Тартымды, әрі шаттыққа толы мерекелік бағдарламасы ересектерді де бей-жай қалдырмады. Олардың айтуынша, мұндай жаңа жылдық шараның бүлдіршіндер есінде көпке дейін қалары сөзсіз. Әр балаға сыйлықтар мен тәттілер ұсынылып, олар ертегі кейіпкерлерімен фотосуретке түсуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар театр қызметкерлері жиналып көпбалалы отбасыларына, "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" балаларына бір-бір тәтті сыйлықтан алып берді. Осылайша, театрдағы шырша кеші көңілді аяқталды. Бала-бақша балалары мен мектеп оқушыларын қазақ драма театры еліміздің наурыз мерекесі ертеңгіліктеріне шақырады.