Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мәдениет жаңалықтары

«Шабыт» радиотеатры: «Дала шамшырағы» (драма)

Қойылым Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында қойылды. Қазақтың ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринің туғанына 180 жыл толуына арналады. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.
I – бөлім     
II – бөлім    
Авторы - Ыбырайтанушы Тана Әуелбекқызы Қоңыратбай
Қоюшы режиссері – Қазақстанның Халық әртісі Ерсайын Төлеубай



Ыбырайтанушы Тана Қоңыратбайдың «Дала шамшырағы» қойылымында Ы.Алтынсариннің қазақ даласында тың үлгідегі мектеп ашу жолында қиындықтары, халықтың көрген тауқыметі Арызқұл молда бастаған Итемген, Қатыш, Қырмаштардың қарсылығы арқылы көрініс табады. Мектеп шаңырағына ілінген шамдар – Ыбырай жаққан білім шырағы. Дегенін істетіп үйренген ауыл шонжарлары сол отты сөндірмек болып мектепті өртеді. Алайда дала шамшырағының бүкіл қазақ даласын жарыққа бөленуін аңсағандар да аз емес. Спектакльдегі ақын Нұржан Наушабаев – Ыбырай заманындағы ақындардың, көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың жиынтық бейнесі. Ыбырай тығырыққа тіреліп қиналғанда түсінде ақ киімді адам қолына шырақ ұстап, жөн сілтеп, аян береді. Мәдениеті мен өркениеті тарихтың тым тереңіне кететін қазақ халқының бір мүлгіп, қараңғылық, надандық басқан кезеңі ауру, бейбақ қыз кейпімен беріледі. Ыбырай оны мүсіркейді, емдетемін дейді, ал сұм заман, аяусыз Арызқұл сияқты жандар оны аямайды. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан ескілікті салт, мінез, түсінік пен жаңаның, надандық пен даналықтың күресі.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Ыбырай - Нұрлыбек Кенжахметов
Ана – ҚР еңбек сіңірген артисі Шахарбанум Есенғұлова
Д.А. Толстой - Азамат Чукеев
Итемген - Бақытжан Құрмансейітов
Бейбақ – ҚР мәдениет қайраткері Зәмзәгүл Бегайдарова
Арызқұл – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров
Қырмыш – ҚР мәдениет қайраткері Шара Мүсілова
Қатыш - Ақдәмен Досанова
Нұржан Наушабаев - Мейрам Жапаров
Көмекші - Қуаныш Маратұлы
Ильминский - Қабдол-Мәжит Иманов
Айғаныс -Үсенова Жібек
Адам Сенкеевич - Ғабит Қызыров
Молда - Нұрлан Байшин

Хабардың авторы әрі редакторы – Толқын Сұлтан
Дыбыс режиссері – Қайсар Ердеш


Дереккөз:: https://qazradio.fm/kz/news/20822/