Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мәдениет жаңалықтары

«Екатеринбург – Қостанай. Транзит» көрмесінің ашылуы

2019 жылдың 1 тамызында  «Екатеринбург – Қостанай. Транзит» атты көрмесі ашылды. Көрмеде Орал мемлекеттік сәулет-көркемсурет университеті студенттерінің гобелен, батик, тоқыма композициялары мен эмаль техникасында жасалған 50-ден астам туындылары қойылды.        Туындылардың көбісі университет студенттерінің ресей және халықаралық фестивальдер мен байқаулардың марапатын бірнеше мәрте иеленген дипломдық жобалары.
Жас авторлардың шығармашылық туындылары түрлі тақырыптарды ашатын және күрделі жұмыстарды көрсететін тоқыма техникалары мен материалдарының көптеген нұсқаларының үйлесімінен құрылған. Оларды әзірлеу барысында мата және басқа материалдармен жұмыс істеудегі ежелгі техника тілін қазіргі заманғы адамға жақын да түсінікті ету үшін инновациялық технологиялар қолданылған. Туындылардан авторлардың қызығушылықтарын – олардың тәжірибелері мен сезімдерін, өткен мен қазіргі тарихқа жүгінуін, қоршаған табиғатқа таңдану мен сүйіспеншілікті көруге болады. Мысалы, «Неолит», «Алтын ғасыр», «Самурай», «Добрыня», «Әскер», «Ағаш» және тағы басқалар.
Көркем тоқыма – сәндік-қолданбалы өнердің басқа да түрлері сияқты әрдайым айқын, композицияның беткі жағы өте ерекше және көз тартарлық түстерге бай, ол көңіл-күй мен ортаны құрудың қуатты құралы және оларды әрқашан дербес өнер объектісі ретінде қарастыруға болады.