Мәдениет жаңалықтары
Облыстық «Тобыл толқындары» халық биінің байқауы
2019 жылы 28 ақпанда «Мирас» мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Жастар жылына арналған «Тобыл толқындары» халық биінің байқауы өтті.
Байқауға Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларының, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандарының би ұжымдары қатысты. Байқау би ұжымдарының Шеру аллеясымен басталды. Байқау ашық түрде өтті және екі турдан тұрды – «қазақ сюжеттік биі» және «халық биі». Барлық ұжымдар өте жақсы өнер көрсетті, түрлі нөмілерімен, сәнді костюмдерімен, сондай-ақ жеңіске деген талпыныстарымен қуантты. Қазылар алқасы бұл байқаудың ең үздік би ұжымдарын атап өтті: І орынға – «Зарянка» Халық би ансамблі (жетекшісі Комарь Ольга Михайловна, Қамысты ауданы); ІІ орынға – «Звёзды» би ансамблі (жетекшісі Шевченко Галина Ивановна, Федоров ауданы); III орынға – «Фиеста» халық хореографиялық ансамблі (жетекшісі Сеилханова Қарлығаш Төлебайқызы, Рудный қ.); III орынға – «Экзерсис» би ұжымы (жетекшісі Маркова Наталья Викторовна, Таран ауданы) ие болды. Көрермендер көзайымы сыйлығына «Салтанат» хореографиялық ұжымы ие болды (жетекшісі Ғауезова Салтанат Абайқызы, Заречный а.о., Костанай ауданы). Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.
«Зарянка» Халық би ансамблі (Қамысты ауданы) облыстық байқаудың жеңімпаздары ретінде 2019 жылдың 14-17 наурыз аралығында Қостанай қаласында өтетін І халықаралық хореографиялық өнерінің «Наурыз достарын шақырады» фестиваліне жолдама алды.