Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Афиша

Министр

03.05.2024
Министр

Авторы: А. Шаяхмет

Режиссёр: Ф. Канафин

Қоюшы суретші: Құрманғазы Қаржанов

Биін қойған: Қуаныш Жәркенов

Дыбыс режиссері: Жандос Файзуллин

Жанр: деректі драма

Ұзақтығы: 1 сағат

А.Шаяхметтың "Культурбақан" пьесасы негізінде сахналанған "Министр" спектаклінде Кеңес дәуірінде мәдениет министрі, сауда халық комиссары болып қызмет жасап, елдің мәдени-экономикалық дамуына зор үлес қосқан әрі ұлттық рухтың жандануына себепкер болған Ілияс Омаровтың өмірі мен қайраткерлік болмысы қамтылады. Қойылымда сонымен қатар Мұхтар Әуезов, Қасым Аманжолов, Жұмабай Шаяхметов сынды біртуар ұлт тұлғалары да көрініс береді.

Қойылым Ілияс бейнесіне қазіргі уақыт тұрғысынан жаңаша қарап, өскелең жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға шақырады.