Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Афиша

Сыған серенадасы

24.03.2024
Сыған серенадасы

Спектакль авторы: И. Сапарбай

Қоюшы режиссері: Б. Шамбетов

Жанры: драма

Ұзақтығы: 60 минут

Жас шектеуі: 12+

Қосымша: Ілеспе аудармамен

 

Исраил Сапарбайдың аталмыш шығармасы қазақтың ұлы композиторы, вальс королі Шәмші Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертетін қойылым. Шәмші Қалдаяқов көзінің тірісінде аңызға айналған тұлға болсада, өмірдегі ақ пен қараның арпалысының бел ортасында жүрген жандардың бірі. Сол қайталанбас композитордың бір сәттік өмірінен алынған үзінді, қойылымға арқау болды. Сығандардың арасындағы тұлғаның тіршілігіндегі жылт еткен бір сәттік өмір көрнісі. Шәмші шынымен сыған қызына ғашық болды ма? Сыған серенадасы әнінің шығу тарихы қандай? Бұл сұрақтарға театрға келген көрермен қойылым арқылы жауап ала алады.



 

 

Продолжительность: 60 минут

Возрастное ограничение: 12+

Дополнительно: С синхронным переводом

 

О жизни великого композитора Шамши Калдаякова, на песнях которого выросло несколько поколений, известно очень мало. Только по созданным им лиричным песням можно догадаться о его нелегкой судьбе, хотя многие факты все же остались в тени. Эти неизвестные стороны жизни талантливого мастера отчасти и раскрывает спектакль «Цыганская серенада».