Афиша
Тіл табысқандар
20.09.2023

АВТОР: М. Байжиев
РЕЖИССЕР: Е. Қауланов
Рөлдерді орындаушылар:
Бақытжан Таңатқанұлы
Зәмзәгүл Бегайдарова
Диана Тұрсынова
Ақдамен Досанова
РЕЖИССЕР: Е. Қауланов
Рөлдерді орындаушылар:
Бақытжан Таңатқанұлы
Зәмзәгүл Бегайдарова
Диана Тұрсынова
Ақдамен Досанова
Олжас Бегайдаров
Ерлі –зайыпты Мұқамбет пен Сүйімқан демалыс орнына жолдама алып қояды. Алайда үйде қыздары Дездемонаны жалғыз қалдырғылары келмей, қиналып отырғандарында ауылдан көптен көрмеген Мұқамбеттің апасы келеді. Олар қыздарына сол кісі Серік болады деп алғашында қуанысып қалғанмен қызы қазақша, апасы орысша білмейді, бір –бірін мүлде түсінбейді. Енді қайтпек?! Кенет есік қағылып Мұқамбеттің студенті кіреді. Тапсыра алмаған сынақтары бар екен. Мұқамбет қуанып кетеді. Қызы мен апасына студент аудармашы етіп қалдырады. Сөйтсе қу жігіт сабақтан жорта құлап, сырттай ұнатып жүрген қызбен жақынырақ танысуды көздепті. Өзі де орысшаны жақсы білмейтін Асқар ( студент) қыздың айтқанын апасына , апасының айтқаның қызға керісінше күлдібалам аударып, араларында айқай- шу басталады .... Қыз бен жігіт тіл табысып, арасындағы қарым - қатынас махаббатқа ұласады.