Видео
"Бүлдірген біз бе?!"
Бүлдірген біз бе?
Комедияда қоғамдағы адамдардың екіжүзділік, араққұмарлық, жағымпаздық сынды жағымсыз қылықтары қағытпа әзіл арқылы көрсетіледі. Әр пенденің бақытты ғұмыр кешуі өз қолында екені туралы айтылады. Ойнап жүріп, бәсекелескен екі дос Темикко мен Сиконың бастары дауға қалады. Қойылымнан әзіл арқылы қоғамдық шындық көрініс тапқан. Бұл жерден Сіз бүгінгі қарапайым адамдардың өмірін, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын, достықтың қадірін көріп, бақытты болудың айтарлықтай қиын еместігіне көз жеткізесіз. Келісім шарт бойынша келген қалыңдықтың ақыры немен тынар екен?