Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Новости

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті  қазақстандықтар!
Жер - жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктеммен бірге келген жарқын мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын!
Наурыз – ізгілік пен бірліктің мерекесі. Бұл күні барша жұрт өкпе – ренішті ұмытып, ағайынмен бір дастархан басында табысады. Адамдар бір-біріне ырыс-несібе тілеп, ақ пейілдерін арнайды. Бұл кезеңді біздің халқымыз береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санайды.
Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады, - дейді. Олай болса, еліміз тыныш, аман болсын! Қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер мен жеңістер, молшылық пен татулық әкелсін. Әрбір жаңа күн барлық отбасына шадыман шаттық пен бақ-береке сыйласын!
Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Құрметпен, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры.
 
Уважаемые казахстанцы!
От всей души поздравлем  вас с великим праздником  Наурыз мейрамы! Желем вам и вашим близким крепкого здоровья, счастья, добра и благополучия!
Пусть Наурыз принесет в каждый дом мир, спокойствие и процветание!