Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Новости

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Тəуелсіздік күні қарсаңында облыс əкімі Архимед Мухамбетов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың Жарлығымен мемлекеттік жəне қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ қостанайлыққа мемлекеттік наградаларды табыстады. Соның ішінде театрымыздың белді актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 1993 жылы белгіленген. Медальмен азаматтар экономикадағы, əлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мəдениеттегі жəне мемлекеттік қызметтегі жеткен табыстары үшін беріледі. Қ.Бегайдаровты кезекті марапатымен құттықтай келе, алдағы алар асулары көп болғай деп тілейміз!