Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Новости

ОЛЖАС ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ!

Жезқазған қаласында белгілі меценат, Арқаның Атымтайы атанған Бекзат Алтынбеков тағайындаған дәстүрлі «Тұлға» сыйлығы салтанатты түрде табысталған болатын. Сәкен Сейфулиннің 125 жылдығы, «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық іс-шарада Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актері Олжас Бегайдаров жүлдегерлер қатарынан көрінді. Көрерменін дарынымен тәнті етіп жүрген өнерпаз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Қонысбек Бегайдаров атындағы» арнайы сыйлыққа ие болды. Марапатты Жезқазған жұртшылығы алдында актердің өзі табыс етті. 
- «Басқа-басқа, мен үшін әкемнің қолынан алған сыйлықтың жөні бөлек. Ол менің қамқорым, ақылшым ғана емес, өнерде үлгі тұтатын ұстазым да!», - дейді Олжас Қонысбекұлы! Осы орайда, жерлесіміздің атындағы сыйлықтың екінші мәрте беріліп тұрғанын айта кеткен жөн. Былтыр бұл марапат Ілекең театрының актері Әлімхан Мырзаханға бұйырған болатын. Ал, Олжас Бегайдаров 2018 жылы Жезқазғанда өткен Жанат Хаджиевті еске алуға арналған Халықаралық театрлар фестивалінде «ең үздік ер адам» номинациясын жеңіп алып, көрермендердің ықыласына бөленген еді. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың дептутаты Бекзат Қомарұлы тағайындаған «Тұлға» сыйлығы өнер мен мәдениет, білім, ақпарат саласындағы үздіктерге бірнеше жыл бойы беріліп келеді. Биылғы жүлдегерлер қатарында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Е.Әбдіхалықова, «ЕҚ» газетінің тілшісі Х.Есаман, Қазақстанның халық әртісі Досжан Жанботаев т.б танымал тұлғалар бар. Мұның өзі сыйлықтың беделінің биіктігін көрсетсе керек. 
Сахнада қатарынан оқ бойы оза шапқан Олжастың бұл жеңісі – актердің өнеріне берілген әділ баға деп білеміз және әріптесімізді кезекті жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз! 
Құрметпен театр ұжымы