Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Новости

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры шілде айында Монголиядағы Баян-Өлгий аймағына гострольдік сапарға аттанады.

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры шілде айында Монголиядағы Баян-Өлгий аймағына гострольдік сапарға аттанады.
Монголия елінде олар 24 шілдеде Аскерхан Ақтай «Ботақара- Шешенбике» және 25 шілдеде Жолтай Әлмашұлы «Мұңмен алысқан адам» спектакльдерін сахналайды. 
Бұл гастрольдің негізгі мақсаты театр өнері мен халық өмірін танып-білу арқылы өзаратүсіністік пен мәдениетті өзарабайыта отырып, екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайту болып табылады.

«Ботақара- Шешенбике»
Жаугершілік заман, талауға түскен адам! Көшпелі екі елдің арасындағы соғыстың негізгі себебі - жер! Кескілескен майданды ақылмен тоқтатып, татулықты жақтаған қалмақ аруы Шешенбике мен қазақ батыры Ботақара! Дұшпандар арасындағы достық пен мәрттік - драманың негізгі өзегі.

«Мұңмен алысқан адам»

Бұл қойылымда XX ғасырдың бас кезіндегі саяси жағдайға байланысты тағдыр тәлкегіне ұшырап, елден көшіп, Франция топырағынан бір-ақ шыққан қазақ отбасының тағдыр-талайы арқау болады. Сексеннің сеңгіріне шыққан Асан қарт туған жерін сағынып, тәуелсіз Қазақ еліне жеткенше асық. Ал балалары болса, оның өтінішін орындай қоймайды. Үлкен ұлы Марат бизнесін, жылы орнын тастап, өзіне бейтаныс өлкеге қоныс аударудан үзілді-кесілді бас тартады. Алайда, атасының жан-дүниесін терең түсінген Маржан болса, «қайтсем де әкемді туған жеріне апарамын» деп шешім қабылдайды. Бауырлар, әке және отбасы арасындағы тартыс шиеленісті, кейіпкерлер сөздері нанымды, оқиға мазмұнды, көрерменін бей-жай қалдыра алмайды. Себебі түсінікті. Атамекен, атажұрт дегенде қай қазақ баласы бей-жай қалсын. Бұл тақырып бүгінгі күні тіпті өзекті екені сөзсіз.