Новости
ТОБЫЛ-ТОРҒАЙ ТЕАТРЫ ШЕТЕЛДЕРДЕ ӨНЕР КӨРСЕТПЕК
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры алдағы жаз айларын ұзақ сапарлармен бастамақ. Ұжым шығармашылық гастрольмен екі бірдей мемлекетке барады. Алғашқы жол оңтүстіктегі көршіміздің астанасы Ташкентке түсіп тұр. Мұны Ілекең театрына артылған зор сенім, үлкен құрмет деп айтуға толық негіз бар. Себебі, бауырлас екі ел арасындағы достастық, ынтымақты нығайтуға бағытталған мәдени шараға мемлекеттік деңгейде мән беріліп отыр. Естеріңізге сала кетейік, биылғы сәуір айында Президент Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылын салтанатты түрде ашып, көрші ел басшысы Шавкат Мирзиёевпен бірқатар келісімдерге қол қойғаны белгілі. Қостанай театрының сапары осынау маңызды құжатқа енгізілген.
Таяуда Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының директоры Сабыралы Байғазыұлы Кемелбаев Өзбекстанға барып, мәдениет министрінің бірінші орынбасарының қабылдауында болып қайтты. Бұл кездесуге елшілік, Ташкенттегі қазақтар қауымдастығының басшылығының да ықпалы зор болғанын айта кеткен жөн. Жүздесу барысында бар мәселе егжей-тегжейлі шешілді.
Сонымен, 3 маусымда Ташкенттің Хамза атындағы Ұлттық Академиялық театрында 18.30-да репертуарымыздағы сүйекті спектакль «Хан Кененің» шымылдығы түрілмек. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы желісі бойынша сахналанған қойылымда халқымыздың қилы тарихы қамтылған.
Ал, 4 маусым күні сағат 15.00-де ҚР мәдениет қайраткері, жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Мұңмен алысқан адам» спектаклі ұсынылады. Бұл драма Ташкент маңындағы этникалық қазақтардың өтініші бойынша қойылып отыр.
Екі күндік сапар 18.00-де көркемдік жетекшіміз Әлия Баймахан сахналаған «Әнім сен едің» /Шәмші туралы тамшылар/ спектаклімен түйінделмек. Шәмші Қалдаяқов есімі өзбекстандықтар үшін де етене таныс. Оған атақты композитордың «Тамды аруы» сынды теңдессіз туындысы көрші елдегі қандастарымыздың өтінішімен жазылғанын айтсақ та жетіп жатыр. Ділі тамырлас, діні бір, тілі ұқсас өзбек бауырлардың қазақ әндеріне деген ықыласы ерекше екені дәлелдеуді қажет етпес. «Сырт көз сыншы», өзге елдің астанасында өнер көрсетудің жауапкершілігі мол. Алайда, театрымыздың шығармашылық ұжымы бұл міндетті абыроймен алып шығарына сенімдіміз!
Театр қайтар жолда Түркістан облысына өз өнерін тарту етпек. Әріптесіміз, талантты театр актері Әлімхан Мырзахан туған ауылы Жаңашілік бізді асыға күтуде. Шәуілдірге іргелес, Шәмшінің табанының табы қалған бұл мекеннің құрылғанына биыл 50 жыл. Осыған орай, 5 маусымда 12.00-де әйгілі композитор туралы туындыны тарту етпекпіз. Осы күні 18.00-де Түркістан қаласының тұрғындарына Қостанайдың шашуы ретінде қазақтың еліне, жеріне сағыныш-сүйіспеншілігін паш ететін «Мұңмен алысқан адам» драмасы қойылады. Бұл спектакльдің ұсынылу себебі - драмадағы басты кейіпкері қуғын-сүргінге ұшыраған, тарыдай шашыраған қазақтардың бірі, Париж қаласына жетіп, материалдық тұрғыдан барлық жетістікке жетсе де, өз топырағы, туған жерін сағынған Түркістанның тумасы. Мұнда жергілікті халықпен рухани кездесулер өткізу жоспарланған. Гастроль Шәмші рухына тағзым жасаумен тәмамдалып, труппа елге қарай ат басын бұрмақ.
Өзбекстан сапарынан соң сәл тыныстаған әртістер, шілде айында Моңғолияға аттанады. Бұл да маусымның бірінші-екінші онкүндігі арасына жоспарланып отыр. Мұнда театрымыз Моңғолияның ұлттық мейрамына қатысады. Ескерте кетейік, бұл мерекеге Еуропа, Азияның азуын айға білеген өнер ұжымдары шақырылған. Әлемдік деңгейдегі мәдени шараға таңдау Қазақстан бойынша Қостанай театрына түсіп тұр.Мұның өзі Ілекең атындағы ұжымның халықаралық деңгейде таныла бастағанын көрсетсе керек. Аталған өнер думанына біздің ұжым жас драматург Әскерхан Ақтайдың «Ботақара» спектаклін әзірлеп отыр. Қазақ пен Жоңғар арасындағы шайқас, ұлтымыздың елдігін сақтап қалу жолындағы ұлт-азаттық күресінен сыр шертетін қойылымның тұсаукесері Мұңғыл елінде өтеді. Бұл да рухани саладағы елеулі жаңалық, еліміздің мәдениет саласындағы мәртебесі емес пе?! Шетелдерге шығу әртістеріміз үшін үлкен тәжірибе, шыңдалу мектебі болары анық. Осының бәріне қолдау білдіріп отырған Қостанай облысының әкімдігі мен Қостанай облыстық мәдениет басқармасына алғысымыз шексіз.
Театрдың бұдан өзге де сүйінші сұрар жаңалығы жетерлік. Оның бәрін кезесінде баяндайтын боламыз.