Новости
ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ, МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ!
Жеңіс күнін І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры қат-қабат жаңалықтармен қарсы алып отыр. Алдымен, «Жорықты жылдардың жігерлі жылдары» атты реквием жұртшылыққа жол тартты. Театрланған қойылым соғыс жылдарындағы халықтың шеккен бейнетін, жауды жеңуге қосқан үлесі жайлы баяндайды. Майдандағы жауынгерлердің басынан өткен оқиғалар да суреттеледі. Авторы театрымыздың әдебиет бөлімінің жетекшісі Абылай Мауданов. Бұл оның күрделі жанрда қойылып отырған алғашқы туындысы. Режиссері театрымыздың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан.
Соғыс жылдары 73 мыңнан астам қостанайлық майданға аттанып, солардың тең жартысынан астамы жат топырақты жастанды. Реквием - боздақтарға, тылдағы халықтың ерен еңбегіне жасалған тағзым!
Қойылым барысында қаһарлы жылдары туған, халыққа рух беріп, үміт сыйлаған, көңілін демдеген әндер жанды дауыспен шырқалды.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов көрермендерді Жеңіс күнімен құттықтап, труппаға сәтті өнер көрсеткені үшін алғысын білдірді. "Реквием көрерменге түрлі ой салады. Тарихи мәліметтерді молынан қамтыған. Жанды дауыста шырқалған әндер жүрек тебірентті. Сондықтан, Жеңіс күніне арналған бұл қойылым - театр әртістерінен құрылған камералық хордың ресми ашылуы деп есептеймін", - деді Ерлан Болатұлы.
Айта кету керек, мәдениет басқармасының қолдауымен, театр жанынан хор ашуға дайындық өткен жылдың соңына таман басталған болатын. Әлия Баймахан қойған «Әнім сен едің» /Шәмші тамшылар/ спектаклі соның алғашқы қадамы десек қателеспейміз. Музыка маманы Салтанат Жақаеваның әзірлеуімен хор репертуары үнемі толығумен келеді. Бұл бағыттағы ізденіс әлі де жалғасын таба бермек.
Театрдың жеңіс күні тұсауы кесілген тағы бір жаңалығы осы!