Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Новости

ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ ҚҰТТЫҚТАУ!

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай театрымызда «кезектен тыс» «концерт» өтті. Ұйымдастырушы, әрине, қыздар ұжымы. 
Арулар ер-азаматтарға деген ақ тілек, жылы лебізін шығармашылық шеберлікпен жеткізе білді. Тек актрисалар ғана емес, әкімшілік, техникалық құрамның сұлулары да сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Олардың оқыған өлеңі, шырқаған әні, мың бұралған әсем биі кәнігі өнерпаздардан кем түскен жоқ. Ал, актрисалардың әріптестеріне арнаған жарасымды әзіл-пародиялары қыран-топан күлкіге көмді. 
Сондай-ақ, түрлі сайыстар нағыз қызу бәсекеге айналды. Жігіттеріміздің бір тобы  ұжым алдында тарих, кино, жалпы өнер саласы бойынша қойылған сұрақтарға тосылмай жауап берсе, енді бір тобы қол күреске шығып, білек күшінің мықтылығын көрсетті. Шешендігі мен тапқырлығы да сынға түсті. Әр сайыс бойынша үздік шыққандар дипломдармен марапатталды. 
Жігіттер үшін тосын сый болған мерекелік шарада ұжымның ақ жаулықты аналары Шахарбану Есенғұлова, Ақдәмен Досанова, Шара Мүсіловалар ақ батасын беріп, театрымыздың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан азаматтарды маңызы жоғары мемлекеттік мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Кеш соңы арулардың әсем биімен түйінделді. 
Суретті түсірген С.Камалов. Мерекелік кештен көрініс.