Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Новости

І.Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрында С.Досановтың «Ақбас бүркіт» драмасы қойылуда.

І.Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрында С.Досановтың «Ақбас бүркіт» драмасы қойылуда. Аталмыш қойылымды Қырғызстан Республикасының режиссері Қаныбек Дуйшеналиев сахналайды. Суретшісі - Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халық суретшісі Маратбек Шарафидин.
Драмада ХХ ғасырдың мемлекет және қоғам қайраткері, Жұмабек Тәшеновтың, елдің елдігін сақтау үшін империя басшыларымен тайталасқа түсіп, басын бәйгеге тіккен, қайсар рухты қайраткер, қазақ жері мен елі үшін еңбек етіп, күресе білгені сөз болады. Ж.Ташеновтың ерліктерін көзімен көріп куә болған аға ұрпақ, тарихтағы еңбегін енді біліп жатқан кейінгі буын өкілдері, аңызға айналған қаһарманның рухына бас иеді.

Қойылым көрерменнің көңілінен шығып, қошеметіне ие болады деген үмітттеміз!