Құрметті әріптестер!
Сіздерді  Халықаралық театр күнімен құттықтаймыз!
Көрермен көңілін нұрға, жүректерін жырға бөлеп, халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, өнерсүйгіш ұрпағымызды тәрбиелеу жолындағы игілікті еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік,
шығармашылық табыстар тілейміз.
Ұлтымыздың саф өнерін жандандырып, биік белестерден көріне беріңіздер!
Мереке құтты болсын!