Ай тұтылған түн

Автор: Мұстай Кәрім
Режиссер: Ильсур Казакбаев
Жанр: Трагедия

Көне заман. Қарағай мен қайың тербелген, салт-дәстүрі темірқазықтай мызғымас елдің қақ жүрегінде бір кездері аты алысқа кеткен, айбарлы башқұрт руы мекендейді. Бұл руды соңғы жылдары Танкабике есімді әйел басқарып келеді - күйеуі дүние салғаннан кейін билікті уысына алған, байлығымен де, ақылымен де, қайсарлығымен де аты шыққан ел анасы.

Үш ұлы бар оның: кенжесі - Ишмұрза, әлі бала. Ортаншысы - Ақъегет - сері мінезді, өр кеуделі, жүрегі махаббатпен тулған жас жігіт. Ал үлкені - Юлмұрза - ел қорғауға аттанып, содан қайтпаған.

Хабар - қаралы. Юлмұрза соғыста мерт болды. Ескі ғұрыпқа сай, енді оның жесірі ақылы мен ажары астасқан Шафақ - ортаншы ұлға жар болуға тиіс. Салт-сана бұйырған соң, Ақъегетке ағасының әйелін алуға бұйрық түседі.

Бірақ бұл шешім тек мұнымен бітпейді.